«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»

Полипропилен шығару бойынша газ-химия кешенін іске қосу-KPI


Kazakhstan Petrochemical Industries Inc газ-химия кешені. Теңіз кен орнынан шикізат өңдеуге маманданған. Ол жылына 500 мың тонна полипропилен (пластмассаның"патшасы") өндіруге арналған, бұл оның әлемдік өндірісінің 1% құрайды.


Ұқсас кешендер әлемнің 5 елінде ғана жұмыс істейді – Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай.

Кешен құрылысына 4300 адам жұмылдырылды. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 631 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Кәсіпорын жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге есептелген, бұл оның әлемдік өндірісінің 1% құрайды.


Кешен құрылыс және медицина салалары, автомобиль жасау, тамақ өнеркәсібі үшін полипропиленнен бұйымдар шығаратын шағын және орта кәсіпорындардың қызметіне ықпал етеді.

Кәсіпорын американдық Lummus Technology Inc компаниясының Catofin және novolen технологияларын пайдаланады. Ұқсас кешендер әлемнің бес елінде ғана жұмыс істейді — Сауд Арабиясы, АҚШ, Бельгия, Оңтүстік Корея және Қытай.

© 2020 Petro Gas Chemical Association
Байланыс