Университетте ҚР ҒЖБМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес құрылды.
Кеңес «8D07101 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы, машиналар, аппараттар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы аясында философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастырады.
Бұған дейін университетте 8D07201 – Мұнай-газ инженериясы, 8D7101 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы бағыттары бойынша докторантура бағдарламасы жұмысын бастаған болатын.
Диссертациялық кеңестің ашылуы – ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бұл шешім өңірлік және ұлттық деңгейде ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырып, жас ғалымдарға ғылымға үлес қосуға кең мүмкіндік береді.
Кеңес жұмысына сәттілік тілейміз!

Дереккөз: facebook.com