Новости нефтегазохимии

ҚазМұнайГаз зауыттары мұнай өңдеу көлемін ұлғайтты: биылғы 9 айдың қорытындысы

2025 жылғы тоғыз айында ҚМГ активтерінде көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі 15 млн 770 мың тоннаға жетті (ҚМГ үлесіне). Бұл көрсеткіш 2024 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда 11,7% өсті.

Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемі 3,7% өсіп, 11 млн 159 мың тоннаны құрады. Өсім негізінен 2025 жылы ПҚОП зауытының үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты болды.

Румыниядағы KMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 37,1% ұлғайып, 4 млн 611 мың тоннаны құрады.

Қазақстан және Румынияның зауыттарында мұнай өнімдерін шығарудың жалпы көлемі 13,5% ұлғайып, 14 млн 808 мың тоннаны құрады.

Ескерту: өндірістік көрсеткіштер ҚМГ-ның бірлескен және қауымдасқан компаниялардағы иелік ету үлесіне сай көрсетілген.

Дереккөз: ҚазМұнайГаз
Қауымдастық жаңалықтары