ҚМГ еншілес кәсіпорны — Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) техниканы қайта жаңарту бағдарламасының кезекті кезеңі басталды. Мұнайды терең өңдеу өндірісінде Жапонияның Hitachi BCH455 майлы газға арналған жаңа компрессорлары монтаждалуда.
Аталмыш жабдықты орнату энергия тиімділігін 75%-дан 87%-ға дейін едәуір арттыруға, энергия тұтыну көлемін 3,10 МВт-тан 2,3 МВт-қа дейін төмендетуге және жөндеуаралық кезеңді 8 600 сағаттан 24 000 сағатқа дейін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қызмет көрсету шығындарын қысқартады.

Қазіргі жаңғырту іс-шаралары — бұдан бұрын орындалған жұмыстардың жалғасы: 2023-2024 жылдары ПМХЗ-да Ingersoll Rand ауа компрессорларын ауыстыру жобасы аяқталған еді. Алдыңғы кезең бақылау-өлшеу құралдары мен зауыт қажеттіліктері үшін сығылған ауаны сенімді жеткізуді қамтамасыз етуде аса маңызды болса, Hitachi компрессорларын қамтитын қазіргі жоба негізгі технологиялық процеске тікелей әсер етеді. Жаңа қондырғылар көмірсутек газын қысады, бұл — мұнайды терең өңдеудің ажырамас процесі.

Осылайша, екі жоба — ауа және газ компрессорларын ауыстыру — ПМХЗ кешенді жаңартудың бірін-бірі толықтыратын элементтері. Бұл ҚМГ-ның тұрақты даму және отандық мұнай өңдеу саласының бәсекеге қабілетін арттыру үшін озық технологияларды енгізуге бағытталған дәйекті стратегиясын айғақтайды.
Дереккөз: ҚазМұнайГаз
Дереккөз: ҚазМұнайГаз