Новости нефтегазохимии

Ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беретін Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Ғылым және технологиялық саясат туралы” Заңға қол қойды.

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілді. Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес жұмыс істейді. Ғылымға үш жылдың ішінде 625 миллиард теңге қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Білім гранттарының саны артты. Ғылыммен айналысып жүрген жастарды қолдау шаралары күшейтілді.
🔹
Заңда ғылымды басқару моделін, Ғылым қорының қызметін жетілдіруге, Ұлттық Ғылым академиясының мәртебесін айқындауға бағытталған құқықтық нормалар көзделген. Әрине бұл оң үрдіс. Сондай-ақ ғылыми ұйымдарды қаржыландыру тәртібі, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу, ғылымның дамуы мен ғылыми қызметті ынталандырудың шаралары және басқа да басымдықтар айқындалып отыр.
🔹
Университет ғылымын дамытуға да маңызды басымдық берілген. Біздің университет зерттеу университеті мәртебесіне ие. ЕҰУ әлемдегі ең үздік 300 университеттің қатарында. Оқытушыларымыздың 69 пайызының ғылыми дәрежесі бар. «Жас ғалым» жобасы аясында тың ізденістер көп. Биыл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, халықаралық ұйымдар, бизнес қаржыландыратын 140-тан астам ғылыми жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда біз елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінің нақты секторында коммерцияландыру мен пайдаланудың келешегі бар жобаларды іріктей бастадық. Олай болса жаңа заң бірқатар өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді деп сенеміз.
Қауымдастық жаңалықтары