Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мен «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Өзбекнефтегаз Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиков қол қойды.
Келісім екі компанияның геологиялық барлау және Қазақстан мен Өзбекстандағы мұнай-газ химиясы саласында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша өзара іс-қимыл шараларын айқындайды.
— «Өзбекнефтгаз» компаниясы біздің перспективті серіктестеріміздің бірі. Осы құжат ҚМГ-ның өзбек әріптестерімен бірге ресурстық базаны толықтыру және мұнай-газ химиясы саласын дамыту сияқты маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін растайды. Сонымен қатар цифрлық технологиялар, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау салаларында біздің ортақ мүдделеріміз бар. Бүгінгі келісім Қазақстан мен Орталық Азиядағы энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді, — деді А.Хасенов.
Бұған дейін Баку қаласында өткен «Энергетика саласындағы цифрландыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік және сатып алулар» атты халықаралық конференциясы аясында SOCAR, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Татнефть» ЖАҚ және «Өзбекнефтегаз» АҚ өкілдері цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумдарға қол қойды. (https://t.me/kmgpress/6233) Құжаттар цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және олардың салдарын жою бойынша тәжірибе алмасуды көздейді.
Дереккөз: ҚазМұнайГаз