Новости нефтегазохимии

2025 жылғы 9 айда KPI кешенінде полипропилен өндіру көлемі 68% өсті

KPI зауытында биылғы 9 айда полипропилен өндіру көлемі 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 68,4% өсіп, 135 мың тоннаға жетті (ҚМГ үлесіне).

Есепті кезеңде полипропиленді өткізудің жалпы көлемі 54,7% артып, 128,6 мың тоннаны құрады.

Полипропиленді ішкі нарыққа өткізу көлемі 84,8%ұлғайып, 13,7 мың тонна болды. Полипропиленді экспортқа сату 51,7% өсіп, 114,9 мың тоннаға жетті. Экспортқа жөнелту көлемі негізінен Еуропа елдері мен Түркия бағытына қарай ұлғайды.

Ескерту: өндірістік көрсеткіштер ҚМГ-ның «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» иелік ету үлесіне сай көрсетілген.

Дереккөз: ҚазМұнайГаз
Қауымдастық жаңалықтары