Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Caspi Bitum» БК ЖШС-нің Ақтау битум зауытына барды.
ҚМГ басшысы мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты. Бұл мұнайды бастапқы өңдейтін ЭЛОУ-АВТ қондырғысын жаңғырту есебінен жол битумын өндіруді жылына 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жаңғырту жобасы аясында демонтаж және фундамент құю жұмыстары толығымен аяқталды. Жабдықтарды, құбырларды, электр, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жабдықтарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жабдықтарды құрылыс алаңына жеткізуді наурыз айының ортасына дейін аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру қарқынын жеделдету үшін мердігер жабдықардың жеткізілуіне байланысты құрылыс-монтаж жұмыстарын үзіліссіз тәулік бойы жүргізуге міндеттенеді (221 адам жұмылдырылған). Жоба іске асырылғанда ішкі нарық отандық жоғары сапалы жол битумымен толық қамтамасыз етілетін болады.
Caspi Bitum-да өткен кеңесте кәсіпорынның 2024 жылғы жұмыс қорытындысы және жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды. 2024 жылдың қараша айында басталған жұмыстарды бас мердігер CITIC Construction (CITIC Group-тың еншілес кәсіпорны) жүргізеді. Жобаға салынған инвестициялар көлемі 76 млн долл. асады. Жұмысты аяқтау, битум өндірісінің толық технологиялық режиміне шығу және зауытты іске қосу ағымдағы жылдың екінші тоқсанына жоспарлануда.
Кеңес қорытындысы бойынша А.Хасенов «Caspi Bitum» БК ЖШС басшылығына жобаны мерзімінде аяқтау үшін барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Caspi Bitum» БК ЖШС 2024 жылы 654 602 тонна мұнай өңдеп, 242 877 тонна жол битумын өндірді. Жол-құрылыс мекемелері тарапынан битум жеткізуге берілетін өтінімдердің азаюына байланысты жоспардың орындалуы төмендеді, бірақ Ақтау битум зауыты жыл бойы жоғары өнімділік жағдайында жұмыс істеуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, битумды — Ақтау битум зауытынан басқа Қазақстанда Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ — ҚМГ еншілес ұйымы) және тағы екі жеке зауыт өндіреді, жалпы еліміз бойынша жыл сайын 1 миллион тоннаға жуық жол битумы өндіріледі.
Дереккөз: ҚазМұнайГаз