8 желтоқсанда Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы кеңесінің отырысына қатысты.
«KAZENERGY» кеңесінің отырысында М.Мырзағалиев Қауымдастықтың төрағасы болып сайланды.
М. Мырзағалиев кеңес пен қауымдастық мүшелеріне ескі, сарқылуға жақын кен орындарын қолдау бойынша атқарған бірлескен табысты жұмысы үшін алғыс білдірді.
«Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасуға тиіс деп есептеймін, өйткені кен орындарында өндіру көлемін қолдау жұмыс орындарын сақтап қалуға, отандық мұнай өңдеу зауыттарының мұнайға деген қажеттілігін өтеуге, тиісінше елдегі мұнай өнімдеріне сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ҚМГ басшысы.
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен отандық мұнай-газ саласындағы белсенділікті одан әрі дамытуға ықпал ететін Жақсартылған модельді келісімшартты енгізілгенін атап өтті. Жақсартылған модельді келісімшарт негізінде көмірсутек шикізатын өндіруге арналған алғашқы келісімшартқа Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов» жер қойнауы учаскесінде күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге 2023 жылы ақпанда қол қойылды. «ҚазМұнайГаз» бұл теңіз жобасын стратегиялық әріптесімен бірлесіп дамытуда.
Сондай-ақ, М.Мырзағалиев Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту мәселесіне тоқталды.
«Шикізатпен қамтамасыз ету, мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру, терең өңдеуді дамыту мәселелерін реттейтін мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заңды әзірлеу және қабылдау қажеттігі туындап отыр. Бұл мәселеде ҚМГ үшін қауымдастық қолдауы маңызға ие», — деді ол.
ҚМГ басшысы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жоспарларын да атап өтті. Бұл қадам Қазақстанда шығарындылар саудасы жүйесін одан әрі дамытуды және оны әлемдік нарықпен интеграциялауды, сондай-ақ оған қоса көміртегі бағасына, ЖЭК, сутегі және геотермалды энергетиканы дамытуға, көміртекті тұту, пайдалану және сақтау технологиясын (CCUS) қолдануға қатысты бастамаларды талап етеді.
«Әлемге энергетика көздерін алмастыру үшін тұрақтылықтың негізі ретінде мұнай қажет. «ҚазМұнайГаз» бұл міндетті жасыл энергетиканы дамыта отырып орындайды. Біз төмен көміртекті жобаларды дамытуға инвестиция саламыз. Жаңартылатын генерациясы бар электр станцияларын салу бойынша бірқатар бастамалар пысықталуда», — деп қорытындылады М.Мырзағалиев.