2025 жылдың 20 қаңтарында Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінде мұнай-газ химиясы саласы үшін кәсіби кадрлар даярлау мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар ҚР Энергетика министрлігі бекіткен, саланы дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жолдарын талқылады.

Талқылаудың негізгі тақырыптары:
Газ өңдеу, газ тасымалдау, газ химиясы және процестерді автоматтандыру бағыттары бойынша кәсіптік және жоғары білімге мемлекеттік тапсырысты бөлу.
Білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және индустриялық әріптестердің кадрлық әлеуетті қалыптастырудағы рөлі.
Кәсіптік жәрмеңкелер мен мамандандырылған бағдарламалар арқылы оқушылар арасында кәсіптік бағдарлауды дамыту.

Қорытынды:
Атырау облысының әкімдігі техникалық және кәсіптік білімге мемлекеттік тапсырысты бөлуде қолдау көрсетеді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білімге арналған білім беру тапсырыстарын негізгі бағыттар бойынша бөлумен айналысады.
Атырау Мұнай және газ университетінің алаңында 7-11 сынып оқушыларына арналған кәсіптер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Талқылауға Мұнай-газ химиясы қауымдастығынан қатысқандар:
Толқымбаев Ғабит Аждарұлы, бас директор.
Бибасов Манат Мұратұлы, атқарушы директор.
Сейтенова Гайни Жұмағалиқызы, жобалық кеңсенің басшысы.
Толымбекова Ләззат Байғабылқызы, кадр саясаты бойынша сарапшы.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша саланың кадрлық әлеуетін дамытуға арналған барлық стейкхолдерлер үшін нақты іс-қимыл жоспары қарар түрінде әзірленді.