«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-қа (АМӨЗ) барып, кәсіпорынның өндірістік қызметі бойынша кеңес өткізді.
Жиын барысында зауыттың биылғы жеті айдың қорытындысы таныстырылды. Бұл кезең аралығында кәсіпорын 3,4 млн тонна шикізат өңдеп, 2,6 млн тоннадан астам жеңіл мұнай өнімдерін шығарды. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі өнім түрлерін өндіруде айтарлықтай өсім байқалады.
Дизель отынын өндіру көлемі 160 мың тоннадан артып, 1,2 млн тоннадан асты. Автобензин өндірісі шамамен 117 мың тоннаға өсіп, 1 млн тоннадан жоғары болды. Сондай-ақ сұйытылған мұнай газын шығару көлемі 18 мың тоннаға көбейіп, 143 мың тоннаға жетті.
Зауыт басшылығы негізгі тиімділік көрсеткіштерінің жоспарлы мәннен асып түскенін айтты: мұнай өңдеу тереңдігі 88,6% жетті (жоспар — 85%), ал жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі рекордтық 77,4% құрады (жоспар — 71,8%).
2025 жылы өтетін жоспарлы алдын алу жұмыстарына дайындық барысына ерекше назар аударылды. Дайындық шаралары қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, қажетті қосалқы бөлшектердің бір бөлігі зауытқа жеткізілді.
Ағымдағы жұмыстардан бөлек ҚМГ басшылығына зауыттың тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы туралы да ақпарат берілді. Сонымен қатар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын автоматты бақылау бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылу мәселесі де талқыланды. Бұл бастама жасанды интеллектті қолдану арқылы өндірістік қауіпсіздіктің сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауды көздейді.
АМӨЗ алдына өндірістік тиімділікті арттыруға, сондай-ақ барлық технологиялық қондырғылардың қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыру міндеті қойылды.
Дереккөз: ҚазМұнайГаз