"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов бүгін "Теңізшевройл" компаниясының бас директоры Кевин Лионмен кездесті, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
ТШО жұмысының ағымдағы өзекті аспектілері талқыланды. Атап айтқанда, өндірістік қызмет, Қазақстандық қамтуды ұлғайту, сондай-ақ кадрларды дамыту және ұлттандыру мәселелері қозғалды.

А. Хасенов атап өткендей, ҚМГ үшін ТШО ел экономикасының дамуына елеулі ықпал ететін стратегиялық актив болып табылады.
Анықтама:
ТШО қызметі басталғаннан бері барлығы 570 млн тоннадан астам мұнай және 300 млрд м3 газ өндірілді. Қазақстан пайдасына салықтар мен роялти төлемдері 125 млрд АҚШ долларын құрады.
Дереккөз: azh.kz