Новости нефтегазохимии

ҚазМұнайГаз бен CNPC стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Бейжіңде ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CNPC Президенті Хоу Цицзюнмен кездесті.

Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық, мұнай өндіру тиімділігін арттыру, Шымкент МӨЗ (ПҚОП) қуатын кеңейту және мұнай-газ-химия жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

CNODC-мен (CNPC еншілес компаниясы) бірлескен жұмыс шеңберінде Каспий маңы ойпатының шығыс бортындағы жаңа учаскелер зерттелуде. Тиімділігі төмен және игеруі қиын мұнай-газ кен орындарында мұнай алу коэффициентін арттыруға бағытталған ғылыми-техникалық шешімдер қаралды. Мұнай беруді арттыруға бағытталған технологияларды сынайтын кен орындары да анықталды.

Компаниялар ПҚОП қуатын 6-дан 12 млн тоннаға дейін арттыру жобасы бойынша алдағы жоспарлармен бөлісті.

Сондай-ақ отандық фермерлер үшін маңызды азот тыңайтқышын өндіруге арналған Карбамид жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесінің қорытындылары қаралды. Жобалық қуаты – жылына 1 млн тоннаға дейін, жоба құны – шамамен 1,5 млрд долл.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаларды табысты іске асыруға және ҚМГ мен CNPC арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға сенім білдірді.

Дереккөз: ҚазМұнайГаз
Қауымдастық жаңалықтары