Новости нефтегазохимии

Caspi Bitum-да өндіріс қуатын тұрақты жүктеу шаралары талқыланды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Caspi Bitum» БК» ЖШС зауытына барды.

ҚМГ басшысы өндіріс нысандарын аралады. Кәсіпорында өткен жиында өндірістік көрсеткіштер және зауыттың толық қуатында жұмыс істеуіне кедергі келтіретін нарықтағы мәселелерді шешу жолдары қаралды.

Биыл сәуірде зауытта жаңғырту жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, битум өндірісінің жылдық қуаты — 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейінұлғайды. Бұл Павлодар мұнай-химия зауытын қоса алғанда, ҚМГ зауыттары өнімділігінің жиынтық көрсеткішін жылына 1,2 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік берді және ішкі сұранысты толығымен жауып отыр.

Ақтау битум зауыты тәулігіне 2250 тонна өнім өндіруге қауқарлы болғанымен, бүгінде өндіріс көлемі — 1700–1800 тонна деңгейінде. Ол жол-құрылыс компаниялары тарапынан өтінімдердің болмауымен байланысты.

Қаражанбасмұнай және Caspi Bitum компанияларына битумды өткізудің қосымша тетіктерін пысықтау тапсырылды.

Дереккөз: ҚазМұнайГаз
Қауымдастық жаңалықтары