«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешені (KPI — ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы) — Теңіз кен орнының газын (пропан) өңдейтін Қазақстандағы алғашқы жоба. Өндіріс толық цифрланған және экологиялық таза.
Зауыт шығаратын полипропиленнің 11 маркасы көптеген тауар түрлерін жасап шығаруда қолданылады, атап айтсақ:
Кілем («Bal carpet» ЖШС, бұрынғы атауы «BalTextile», Шымкент).
Су сүзгілері («Aqua Atom» ЖШС, Астана).
Пластикалық шелектер, орындықтар, кресло, шылапшын, балаларға арналған ванналар, тостағандар, тегештер, киім ілгіштер («Радуга» ЖШС, Петропавл).
Бір рет қолданылатын жұмсақ контейнерлер (биг-бэг), вагон астарлары және слинг-бэгтер («SMBGROUP Family» ЖШС, Петропавл).
Қаптар, жұмсақ контейнерлер (биг-бэг) және құрылыс материалдары мен минералды тыңайтқыштарға арналған басқа да тасымал қаптамалары («FIBC Kazakhstan» ЖШС, Ақтөбе).
Қаптар, сөмкелер, маталар, бір рет қолданылатын жұмсақ контейнерлер, биг-бэгтер, вагон астарлары, ызба, киімді, аяқ киімді, спорт жабдықтарын, төтенше жағдайлар мен әскери қызметшілердің арнайы киім-жарағын, жануарлармен галантерея бұйымдарын тігуге арналған жіптер («Универсал» ЖШС, Жаркент).
Бекіту-пломбалау құрылғылары, бақылау индикаторлық пломбалар және өзі жабысатын лейблдар, жануарлардың құлағына тағылатын радиожиілікті белгітұмарлар («Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС, Астана).
Басқа да өнімдер.
KPI өнімі Қазақстан нарығын қамтамасыз етіп қана қоймай (90-нан астам отандық полипропилен өңдеуші компаниялар пайдаланады), сонымен қатар Қытайға (негізінен полипропиленнің өтпелі маркалары), Еуроодаққа, Ресейге, Түркияға және басқа елдерге экспортқа жөнелтіледі.