Новости нефтегазохимии

Бүгін Астанада "ҚазМұнайГаз "басқарма төрағасы Асхат Хасенов бас директор Михаил Карисаловпен кездесу өткізді.

Тараптар Атырау облысында «Силлено» жобасының іске асырылу барысын, яғни, қуаты 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысын талқылады.

Кәсіпорын Қарабатандағы арнайы экономикалық аймақтың аумағында Теңіз кен орнына (Атырау облысы) жақын жерде салынатын болады. Жоба үлескерлері – «ҚазМұнайГаз» (40%), «СИБУР» (30%) және Sinopec (30%).

Құрылыс кезеңінде барлығы 8 мыңға жуық, ал зауыт іске қосылғанда 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Қауымдастық жаңалықтары