16 қыркүйекте Тюмень қаласында TNF-2025 өнеркәсіптік-энергетикалық форум аясында ҚР Энергетика министрлігі мен «PetroCouncil» мұнай–газ қауымдастығы ұйымдастырған «Қазақстан-Ресей: мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық» атты сессия өтті.
«KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қасымов елдер арасындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, компанияның мұнай-газ химиясы саласындағы негізгі жобаларын таныстырды. Атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы. Аталған өндірісті болашақта шикізатпен қамтамасыз ету үшін Теңіз кен орны жанынан газ сепарациялау кешенін салу көзделген. ГСК 9,1 млрд м³ дейін құрғақ газды өңдеу арқылы, жыл сайын шамамен 1,6 млн тонна этан мен 360 мың тонна пропан өндіреді.
KMG PetroChem Ақтөбе облысында қуаты жылына 880 мың тоннаға жететін азотты карбамид өндіру жобасын іске асыруда, бұл тыңайтқыш импортын алмастыруға және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлемдік нарықта сұранысқа ие полимерлерді шығаруға бағытталған Атырау облысында терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат (ТФҚ–ПЭТФ) өндіру жобасы пысықталып жатыр.
Дөңгелек үстел стратегиялық маңызы бар саладағы екі елдің жетекші өкілдері үшін маңызды диалог алаңына айналды. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың, ресейлік мұнай-газ компанияларымен бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Дереккөз: kmgpetrochem