Новости нефтегазохимии

Силлено жобасы: Қазақстан мен Қытай мұнай-газ химиясы саласында ынтымақтастықты қалай нығайтуда

27 наурызда Бейжіңде CIPPE-2025 мұнай-газ химиясы көрмесі аясында Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ химиясындағы ынтымақтастығына арналған конференция өтті. Іс-шараны PetroCouncil Қазақстанның мұнай-газ кеңесі ұйымдастырды.

Конференция қатысушыларының бірі — Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардың бірі — жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың операторы Силлено компаниясы.
«Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамытуда үлкен әлеуетке ие, қос ел үшін де маңызды жобаның бір бөлігі болғанымызды мақтан етеміз. Sinopec тәрізді саладағы озық компаниялармен ынтымақтастық даму мен заманауи технологияларды енгізуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», — деп атап өтті Силлено компаниясының бас директоры Жандос Қайргелді.

Силлено компаниясының жабдықтау бойынша директоры Ле Цзядун жобаның техникалық аспектілері, ішкі және сыртқы нарықтардағы даму жоспарын баяндады.
Іс-шараға 50 қазақстандық және 60-тан астам қытай компаниясы қатысып, Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастықты нығайту және серіктестікті арттыру мақсатында пікір алмасты.
Дереккөз: Petro_Council
Қауымдастық жаңалықтары