Новости нефтегазохимии

ҚМГ, "Сибур" және Sinopec"Силлено" жобасының түпкілікті инвестициялық бюджетін келісуге дайын

2 шілдеде Астанада Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің жетінші отырысы аясында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ), "Сибур Холдинг" жақ және Sinopec Overseas Investment Holding "Силлено"жобасы бойынша қатысушылардың хаттамасына қол қойды. Бұл туралы 2 шілде, сейсенбіде ҚМГ баспасөз қызметі хабарлады.

"Тараптар Атырау облысында қуаттылығы 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ — химия кешенін салу - "Силлено" жобасын іске асыру үшін түпкілікті инвестициялық бюджетті келісу ниетін растады",-делінген баспасөз хабарламасында. Құжатқа "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов, "Сибур" ЖШҚ басқарма төрағасы — Бас директоры Михаил Карисалов және Sinopec Директорлар кеңесінің төрағасы Юншэн Ма қол қойды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хаттама"Тараптардың экономикалық негізділік пен техникалық мүмкіндікті ескере отырып, жобаны іске асыру барысында жобалау, жабдықтар мен материалдарды сатып алу, сондай-ақ құрылыс саласындағы қазақстандық қамтудың барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ұмтылысын көздейді".

Құрылыс кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орнын, зауытты пайдалану кезеңінде 800 — ге жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда.

"Силлено" жобасы іске асырылған кезде "Қазақстанның ЖІӨ-ні 1,2% - ға ұлғайтады және полиэтиленнен жасалған бұйымдар өндіру саласында шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады"деп атап өтілді. "Мұнай-газ химиясына салынған бір доллар нәтижесінде ел экономикасында 2-3 долларға өсімді қамтамасыз етеді",-деп ҚМГ баспасөз қызметінде хабарлады.

"Силлено" ЖШС — Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының екінші кезеңінің операторы ("Полиэтилен"жобасы). Компания "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі"арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Ресейлік "СИБУР" "Полиэтилен" жобасына ресми түрде 2023 жылдың наурызында, қытайлық Sinopec — 2024 жылдың наурызында кірді.
Қауымдастық жаңалықтары