Новости нефтегазохимии

KMG PetroChem мұнай-газ химиясы саласының болашақ мамандарына арналған QadamPro бірегей бағдарламасын ұсынады

KMG PetroChem Атырау колледждері мен университеттерінің студенттеріне арналған QadamPro білім беру бағдарламасына қабылдау басталғанын хабарлайды. Жоба мұнай-газ-химия саласына жас мамандарды іріктеуге және даярлауға бағытталған.

QadamPro - бұл жай тәжірибе емес, мансапты бастау сәті:

KMG PetroChem жетекші инженерлері мен сарапшыларының жетекшілігімен оқу;

Студенттер компанияның нақты жобаларына қатысып, бірегей тәжірибе жинақтайды;

Бағдарлама кәсіби қоғамдастықтың қалыптасуына және ұзақмерзімді байланыстардың дамуына ықпал етеді;

Үздік қатысушыларға жұмысқа қабылдпуда басымдық беріледі.


«QadamPro - бұл студенттерге мамандықты игеруге көмектесетін бағдарлама. Біздің компания үшін - бұл заманауи салады қызмет етуге дайын білікті кадрларды даярлау жолы», - деп атап өтті Персоналды басқару департаментінің директоры Әбдінәдір Айтматов.

Қараша айында басталатын дуальді оқытуға іріктеу басталып кетті. Біз болашақта мұнай-газ химиясы саласынды қызмет еткісі келетін жастардың буынын көргенімізге қуаныштымыз. Дуальді бағдарлама толыққанды жұмыс өтілі ретінде есептеледі, бұл болашақта жұмысқа орналасу барысында үлкен мүмкіндік.

KMG PetroChem мұнай-газ химия саласында табысты мансап құруға дайын студенттерді QadamPro-ға қосылып, кәсіпқойлар тобының мүшесі болуға шақырады!

Дереккөз: KMG PetroChem
Қауымдастық жаңалықтары