Бүгін EXPO халықаралық көрме орталығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары өкілдерімен кездесті.
Компьютерлік тренажер кешеннің нұсқаушылары мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық қондырғылары қалай жұмыс істейтінін виртуалды режимде көрсетті. Бұл тренажерлер операторларға штаттық процесстерді қадағалап, апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қондырғылардың техникалық мүмкіндіктері және еншілес кәсіпорындар шығаратын дайын өнімдер ұсынылды.

Қызметкерлермен әңгімелесу барысында А.Хасенов жұмысшы мамандықтарға және сұранысқа ие жаңа кәсіптерге ден қоя отырып, ҚМГ кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін одан әрі дамытып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар салаға, әсіресе мұнай-газ химиясы жобаларына жас мамандар белсенді түрде тартылуда.
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» көрмесіне мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндейтін токарьлар, дефектоскопистер, цифрлы бағдарламалық басқару станогының электроника мамандары, аспапшылар, мұнай-газ химиясы саласының технологтары, мұнай және газ өндіру шеберлері, мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғылар операторлары және басқа да мамандар қатысып жатыр.

Еске сала кетсек, ел Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында EXPO халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты интерактивті көрме өтіп жатыр.
Дереккөз: ҚазМұнайГаз
Дереккөз: ҚазМұнайГаз