"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басшысы Асхат Хасенов өңірге жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысындағы компания кәсіпорындарында өндірістік мәселелер бойынша кеңестер өткізді.
Ол Ақтау битум зауытында (Қаражанбас кен орнының мұнайын өңдейтін "CASPI BITUM "БК" ЖШС) болды.

Асхат Хасенов 2025 жылғы Жол-құрылыс маусымының басында битум тапшылығын болдырмаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ҚМК басшысы жабдықтарды өндіруші зауыттарда және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезеңінде тәулік бойы жұмыс режимін қолдану арқылы жобаны іске асыру кестесін оңтайландыру қажеттігі туралы айтты.

Жобаның Қазақстанның жол саласы үшін маңыздылығын ескере отырып, Асхат Хасенов құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылғы наурызда сол жылдың сәуір айында іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізумен аяқтауды тапсырды.
Сол күні "Қаражанбасмұнай" АҚ және "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылары өндірістік қызмет және жоспарлы көрсеткіштерді қамтамасыз ету, экологиялық мәселелер, сондай-ақ еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қолдау жөніндегі шаралар туралы негізгі деректерді ұсынды.
Асхат Хасенов өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және жарақаттану деңгейін төмендетудің маңыздылығын атап өтті. Ол 2024 жылы жоспарлы мұнай өндіруге қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды, сондай-ақ термиялық әдістерді пайдалана отырып, жетілген кен орындарында мұнай алу коэффициентіне қол жеткізу үшін жаңа технологияларды енгізуге, жерүсті инфрақұрылымын жаңғыртуға баса назар аударды.
Дереккөз: lada.kz