Новости нефтегазохимии

Нефтегазохимиялық Ассоциация PLASTEX QAZAQSTAN 2025 көрмесіне қатысады

2025 жылдың 12–14 қарашасы аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме кешенінде Қазақстандағы алғашқы халықаралық пластмасса мен химия өнеркәсібі көрмесі — PLASTEX QAZAQSTAN өтеді.
Ассоциация аталмыш салалық форумға белсене қатысады. Біздің мақ сат — стратегиялық бастамалар мен инновациялық шешімдерді ұсыну, сондай-ақ өндірушілер, ғылыми орта мен мемлекеттік құрылымдармен іскерлік байланыстар орнату.

Біздің стендте келесі тақырыптарды талқылаймыз:

  • технологиялық даму және «жасыл» шешімдерді енгізу,
  • импортты алмастыру және терең өңдеу,
  • өнімнің қосылған құнын арттыру,
  • тұрақты даму саласындағы өзара ынтымақтастық.

PLASTEX QAZAQSTAN 2025 көрмесінде кездескенше!
Қауымдастық жаңалықтары