Новости нефтегазохимии

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бүгін CITIC Resources Holdings Limited вице-президенті Ван Синлимен кездесті.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бүгін CITIC Resources Holdings Limited вице-президенті Ван Синлимен кездесті.

Кездесу барысында мұнай өндіру және қайта өңдеу саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Ақтау битум зауытының ("CASPI BITUM "БК" ЖШС) қуатын жылына 500-ден 750 мың тоннаға дейін кеңейту жобасы бойынша ағымдағы мәртебе қаралды.

Сондай — ақ, ағымдағы кездесуде "Қаражанбасмұнай" АҚ (КБМ) қызметінің аспектілері қарастырылды (қатысу үлесі: ҚМГ — 50%, CITIC-50%). Кен орнында қабат суын тұщыландыру зауытын тезірек іске қосу тақырыбы, сондай-ақ энергиямен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

Дереккөз: Facebook.com
Қауымдастық жаңалықтары