UTEBAYEV UNIVERSITY Лондонда өтіп жатқан “BETT SHOW 2025” халықаралық білім беру технологиялары көрмесінде инновациялық жобаларын таныстырды. Іс-шара барысында университет ерекше жоба – “VR Виртуалды кен орны” технологиясын ұсынды.
“VR Виртуалды кен орны” – мұнай-газ кен орындарын виртуалды шындық технологияларын пайдаланып, зерттеуге мүмкіндік беретін инновациялық жоба. Бұл жоба студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ цифрлық шешімдерді білім беру үдерісіне енгізу және мұнай-газ саласында қолданылу мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған.

Көрмеге қатысушылар арасында өндірістік процестерді виртуалды ортада модельдеуге арналған технология ерекше қызығушылық тудырды.

“BETT SHOW 2025” көрмесіне әлемнің 130 елінен 600-ден астам қатысушы, соның ішінде білім беру саласының көшбасшылары мен әлемдік деңгейдегі сарапшылар жиналды. UTEBAYEV UNIVERSITY үшін бұл шара өз жетістіктерін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу және халықаралық серіктестік орнату үшін де маңызды қадам болды.
Дереккөз: facebook.kz
Дереккөз: facebook.kz