Новости нефтегазохимии

“Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.” компаниясы қоғамдық тыңдау өткізді

Қоғамдық тыңдау барысында тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікке бағытталған шаралар талқыланды
KPI компаниясы 2025-2029 жылдарға арналған экологиялық рұқсат алу жобасы мен компанияның өңірдің тұрақты дамуына қосатын үлесі туралы құжаттамаларды таныстырды.

Жиында компанияның қоршаған ортаға әсерін азайту үшін іске асыратын шаралары қарастырылды. Тыңдау экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелерін талқылау үшін маңызды алаңға айналып, оған экология саласындағы сарапшылар, жергілікті билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. – еліміздегі алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешен. Ол инновациялық экологиялық шешімдер негізінде жұмыс істейді. Компания бұрын ауаға жағылып немесе қайтадан пластқа қайтарылған пропан газын өңдеп, полипропилен өндіреді.

КРІ қазіргі таңда Қазақстан нарығының полипропиленге деген сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Осылайша, тасымалдаумен байланысты көміртегі ізін едәуір азайтуға және ел экономикасының тұрақты дамуына үлес қосады.

Компанияның өнімдері тек экономикалық өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге ықпал етеді. Көмірсутектерді құнды және қайта өңделетін материалдарға айналдырады. Өндірілетін өнімдер экологиялық қауіпсіздік және тұрақты өндіріс бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Компанияның өндіріс басшысы Абзал Досжанов атап өткендей, КРІ жергілікті тұрғындармен белсенді жұмыс істейді. Оларға жұмыс орындарын ұсынып, білікті кадрлар дайындайды. Ұжымның басым бөлігі — жергілікті тұрғындар. Бұл кәсіби дағдыларды дамытуға және өңірдегі өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.

Компания қоғаммен ашық диалог жүргізуге ұмтылады және барлық сұраққа жауап беруге дайын. Қоғамдық тыңдаудағы материалдар экологиялық порталдарда нормативтік талаптарға сәйкес жарияланып, мүдделі тараптардың қарауына ұсынылды.

Дереккөз: Facebook.com
Қауымдастық жаңалықтары