Новости нефтегазохимии

APEC PetroTechnic жоғарғы колледжі мен APEC Training Center арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

28 сәуірде APEC PetroTechnic Жоғарғы колледжі базасында “Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін кадрлар даярлау: мәселелері мен перспективалары” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында мамандарды даярлау сапасы, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығы талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы кадрмен қамтамасыз ету жағдайы туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Меморандумға қол қойылуы — екі ұйым арасындағы серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам. Бұл жоғары білікті мамандарды даярлау, тәлімгерлік жүйесін дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу салаларындағы күш-жігерді біріктіреді.

Дереккөз: facebook.com
2025-05-03 13:36 Қауымдастық жаңалықтары