KAZENERGY қауымдастығы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетіндегі алғашқы ірі жоба – оқу-өндірістік полигонның ашылу салтанатына қатысты.
Аталған полигон – Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін болашақ мамандарды тәжірибелік тұрғыда даярлауға арналған бірегей алаң. Бұл жерде студенттер заманауи жабдықтармен жабдықталған зертханаларда білім алып, нақты өндірістік жағдайларға барынша жақын ашық аспан астындағы оқу алаңдарында тәжірибе жинақтай алады.
Салтанатты шараға Атырау облысының басшылығы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ KAZENERGY қауымдастығының өкілдері қатысты.

Шара аясында университет ұжымына Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай KAZENERGY қауымдастығының салалық марапаттары табысталды.
Марапаттау кезінде KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина полигонның ашылуы студенттер үшін теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға зор мүмкіндік екенін атап өтті:
«Бұл полигон жастарға заманауи технологияларды меңгеріп қана қоймай, ертеңгі күні сұранысқа ие болатын жаңа құзыреттерді қалыптастыруға жол ашады. Біз мұны ел энергетика саласының тұрақты дамуына кепіл деп білеміз», – деді ол.

Оқу-өндірістік полигонның ашылуы мен марапаттау рәсімі – мемлекеттің, бизнестің және білім беру саласының бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау ісіндегі табысты серіктестігінің жарқын көрінісі болды.
Дереккөз: facebook.com