Мұнай-газ химиясы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Еуразиялық даму банкінің (2024) деректеріне сәйкес, мұнай-газ химиясы саласындағы бір жұмыс орны құрылыс, логистика, машина жасау, инжиниринг қызметтері, білім беру секілді басқа да ілеспе салаларда 2-ден 7-ге дейін жаңа жұмыс орнының ашылуына себеп болады.
Бүгінгі таңда KPI зауытында 630-ға жуық адам еңбек етеді, олардың 83% — Атырау облысының тұрғындары, 17% — еліміздің басқа өңірлерінен келген мамандар.
Силлено зауытының құрылысына 8 000-нан астам адам тартылады. Ал кәсіпорын іске қосылғаннан кейін шамамен 800 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Бұдан бөлек, мұнай-газ химиясы заманауи технологиялар, ғылыми әзірлемелер мен инженерлік құзыреттерді талап ететін, жоғары технологиялы өндірістердің дамуына серпін береді.
Өндіріс көлемі өскен сайын терең өңдеу де дамиды: өнеркәсіптік және медициналық бұйымдар, автокөліктер мен тұрмыстық заттарға арналған бөлшектер өндірісі ілгерілейді. Бұл — жаңа бизнес, инвестиция және отандық экономика үшін тың мүмкіндіктер.
Дереккөздер: ҚазМұнайГаз