Атырау облысы Қытайдағы ірі көрмеде өз инвестициялық әлеуетін таныстырып, қытайлық компаниялармен бірлескен жобаларды талқылады.
Бүгін Қытайдың Шанхай қаласында ірі мұнай-химия көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме аясында Қазақстанның мұнай-газ кеңесінің «PetroCouncil» делегациясымен бірге Атырау облысы әкімдігі атынан еліміздің мұнай-химия саласын дамыту және облыстың инвестициялық әлеуеті жөнінде таныстырылым жасадым.
Пленарлық сессия барысында Sinopec, Қытайдың ұлттық химиялық корпорациясы, HTC өкілдерімен келіссөздер жүргіздік. Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай-химия саласына қытайлық бизнесті тарту мақсатында қытайлық мұнай-химия компанияларымен де іскерлік В2В кездесулер ұйымдастырылды.
Өздеріңізге де мәлім, бүгінгі күні Атырау облысы – Қазақстанның мұнай-химия саласының даму хабы. Қазіргі уақытта біз Қазақстанның мұнай-газ кеңесі «PetroCouncil»-мен бірлескен күйі бұрынғы химия зауытының маңынан 22 гектар аумақта мұнай-химия индустриялық аймағын құруды жоспарлап отырмыз. Мұнда отандық полипропилен мен полиэтиленді қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі деген жоспар бар.
Қазір индустриялық аймақтың жобасы әзірленіп, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау күтілуде.
Дереккөз: facebook.com