Ақтау халықаралық теңіз портында жаңа мұнай құю танкерлерін салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Оларды желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.
Танкерлер Каспий теңізі арқылы отандық мұнайды тасымалдайтын болады. Кемелер Президент Қ.Тоқаевтың қазақстандық көмірсутектерді экспорттау бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында азаматтық флотты толықтырды. Олар ҚазМұнайГаз бен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастық аясында сатып алынды.