Новости нефтегазохимии

Құрметті Атырау мұнай өңдеу зауытының әріптестері, ардагерлері және қызметкерлері!

Мұнай-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы атынан Сіздерді осы айтулы күн – Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылғанына 80 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы сегіз онжылдықта зауыт отандық мұнай өңдеудің алғашқы қадамдарынан Қазақстанның мақтанышы және еліміздің отын-энергетика кешеніндегі стратегиялық нысаны саналатын заманауи жоғары технологиялық кәсіпорынға дейінгі ұзақ жолдан өтті.

Атырау мұнай өңдеу зауыты әрқашан кәсіпқойлықтың, адалдық пен жоғары жауапкершіліктің символы болған және болып қала береді. Ардагерлер мен қазіргі қызметкерлердің адал еңбегінің арқасында зауыт экономиканы дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және республикамыздың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға баға жетпес үлес қосуда.

Сіздің ұжым Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің тарихында және болашағында ерекше орын алады. Сіздерді алда жаңа жетістіктер, келешегі зор жобаларды сәтті жүзеге асыру, инновациялық технологияларды енгізу және саладағы көшбасшылық ұстанымдарды одан әрі нығайту күтіп тұрғанына сенімдіміз.

Атырау мұнай өңдеу зауытының барша жұмысшылары мен ардагерлеріне зор денсаулық, бақыт пен береке, ал кәсіпорынға тұрақты даму және жаңа еңбек жеңістер тілейміз!

Бас директор Ғ.Толқымбаев
Қауымдастық жаңалықтары