Новости нефтегазохимии

«CASPI BITUM» биылғы 9 айда 300 мың тоннаға жуық битум өндірді

«CASPI BITUM» компаниясы 2023 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыс нәтижесін шығарды. Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 703 457 тонна мұнай өңделді немесе жоспар 88%-ға орындалды, 294 186 тонна жол битумы өндірілді, бұл жоспарда көрсетілген көлемнің 74%-ы (2022 жылдың сәйкес кезеңінде 348 134 тонна битум өндірілді).

2023 жылдың басынан бастап зауыттан Қазақстан өңірлеріне 288 645 тонна жол битумы жөнелтілді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Ақтау битум зауытында өндірілген жол битумын тұтыну көлемі Алматы облысы бойынша 14,1%, Маңғыстау облысы — 11,7% және Жамбыл облысы жалпы жөнелтілген битум көлемінің 11,3%-ын тұтынды.

Ақтау битум зауыты жыл бойы уақтылы жөнелтуді қоса алғанда, толық қуатында жұмыс істеуге дайын. 2021 жылы битумды тотықтыру блогында жаңғырту жұмыстары жүргізілді, бұл зауыттың битум өндіру қуатын жылына 400 мың тоннадан 500 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Толығырақ
Қауымдастық жаңалықтары