Новости нефтегазохимии

АтМГУ студенттері Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытында халықаралық тағылымдамадан өтіп жатыр.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Шакуликова Г.Т. өтіп жатқан студенттердің халықаралық тағылымдама жайлы бөлісті:

"АтМГУ студенттері Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытында халықаралық тағылымдамадан өтіп жатыр. Petromidia - Румыниядағы ең ірі зауыт. Біздің студенттеріміз ең мықты тәлімгерлерден білім алып, ағылшын тілін үйренеді және жергілікті мәдениетпен танысады.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасы зауыттың технологиялық процесінің реттілігін және барлық процеспен танысуды ескере отырып жасалған. Зауыттың барлық бағыттағы жұмысын түсіну үшін үнемі әр түрлі департаменттер мен секцияларға барады.

Студенттер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі, бұл оларға зауыттағы қондырғыларды аралап, процестерді нақты режимде көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқуда арнайы бағдарламалық жасақтама қолданылады, сол арқылы тәжірибеде алған білімді алға қарай өз жұмыстарында қолдана алады.

Күн сайын жаңа департаменттерге бару студенттерге әр түрлі бөлімдер мен жергілікті мамандардың жұмысымен танысуға, жұмыс істеудің тың тәсілдерін көруге, тіл үйренуге және коммуникативті дағдыларды дамытуға септігін тигізеді."
Қауымдастық жаңалықтары