Новости нефтегазохимии

ҚАЗАҚСТАНДА МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ САЛАСЫН ДАМЫТУ - KMG Petrochem

Полиэтилен өндіру кешенінің құрылысы – елімізде мұнай-газ-химия кластерін құрудың екінші кезеңі. Болашақ зауытта жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіру жоспарланған, бұл әлемдік өндірістің шамамен 1%.

Зауытта полиэтиленнің 10 - ға жуық түрін өндіру көзделіп отыр, оның 40% - ы бүкіл әлем бойынша сұранысқа ие премиум санатындағы полиэтилен. Сонымен қатар, бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанның осы маңызды өнімге деген қажеттілігін толығымен өтейді. Бүгінде еліміз жыл сайын 250 мың тоннаға дейін полиэтилен импорттайды.

Полиэтилен өндірісіне қажетті шикізат зауытқа Теңіз мұнай-газ кенішінде (осы кеніштегі газ құрамында этан мөлшері шамамен 14%) салынатын газ сепарациялау кешенінен жеткізілетін болады.

Полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы экономиканы әртараптандырумен қатар, жалпы Қазақстанның дамуына да септігін тигізеді. Өйткені, бұл өзіміздің жоғары маржалық өнімдерді, оның ішінде әлемде сұранысқа ие жоғары сапалы полиэтилен өндіру арқылы импортқа тәуелділікті азайтады.

Полиэтиленнен қандай өнімдер жасалатыны туралы алдағы уақытта толығырақ айтамыз - KMG Petrochem
Қауымдастық жаңалықтары