“KPI Inc.” газ-химия кешені жөндеуден кейін қалыпты жұмыс режиміне көшті
“ KPI Inc." газ-химия кешені жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтап, полипропилен өндіруді бастады. Кешеннің барлық технологиялық қондырғылары штаттық режимге шығарылды. Алдымен пропилен өндіріліп, кейін тауарлық өнім параметрлеріне сәйкес келетін полипропилен алынады.