Новости нефтегазохимии

Мұнай-газ-химия қауымдастығының өкілдері PetroPolymers & PetroChemicals - 2024 форумына қатысты.

Форум барысында саладағы ірі отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері және мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері (Энергетика министрлігі, «НК QazagGaz» АҚ, «KPI» ЖШС, Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Татнефть» ЖАҚ, «Шеврон» Еуразиялық бөлімшесі, «Бутадиен» ЖШС , «KMG PetroChem» ЖШС, «Атамекен» ҰҚП) сөз сөйледі.

Маңызды мәлімдемелер:

Қазақстан Республикасы Энергетика Вице-министрі Асхат Хасенов полипропилен өндіру бойынша «KPI» ЖШС-нің бірінші интеграцияланған газ-химиялық кешенінің ашылуы мультипликативтік әсер туғызғаны туралы оң мысал келтірді.

«KPI» ЖШС ішкі өткізу нарығын кеңейту және полипропилен маркалық ассортиментін ұлғайту мақсатында әлеуетті тұтынушылармен жұмыс істейді.

"Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы" заңды әзірлеу туралы KAZENERGY қауымдастығының мұнай-газ саласын дамыту департаментінің директоры Рүстем Сергалиев мәлімдеді.

ҚР Энергетика министрлігі "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп "ҰИМТ” АЭА аумағын және қолданылу мерзімін 2048 жылға дейін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Полиэтилен жобасы бойынша стратегиялық серіктестер тартылып, 2024 жылы жобалауды аяқтау жоспарлануда. Жобаны қажетті шикізатпен (жылына 1,6 млн тонна көлемінде этанмен) қамтамасыз ету үшін «KMG PetroChem» ЖШС «Газ сепарациялау кешенін салу» жобасын іске асыруда.

Полимер өнімдерін қолданылатын «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржыландыру жобалары құны 1 трлн тг жетті (19 жоба).
Қауымдастық жаңалықтары