SINOPEC ПОЛИЭТИЛЕН ЗАУЫТЫН САЛУ ЖОБАСЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ АТАНДЫ
7 қазанда Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, СИБУР және China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec) полиэтилен өндіру жөніндегі жобаға қатысу үлесін сатып алу-сату шарттарына қол қойды.
Қазақстан мен Қытай тараптары арасындағы құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Sinopec Директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэн Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қол қойды. Мемлекет басшысы 17-18 қазан күндері ҚХР-ға ресми сапармен барды.
Қол қою рәсімі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында өтті.
ҚМГ Sinopec корпорациясына «Силлено» ЖШС (жоба операторы) компаниясындағы 20% үлесін сатады. Сонымен қатар, СИБУР Sinopec-ке 10% үлесін береді.
«Силлено» ЖШС меншік иелерінің құрылымы келесідей болады: ҚМГ – 40%, Sinopec – 30%, СИБУР – 30%. Sinopec-тің полиэтилен жобасына қосылуы бойынша барлық заңды рәсімді 2024 жылдың I тоқсанында аяқтау жоспарланған.