Новости нефтегазохимии

Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылары колледж студенттерімен кездесті

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің Бас директоры Жусанбаев Ғалымжан, орынбасары Нақпаев Сәлімжан колледждің мұнай-химия бағытында орта буын мамандарын даярлау тәжірибесіне терең үңіліп, оқу зертханаларын аралап, жас өнертапқыштардың start up жобаларына қызығушылық танытып, олармен мамандықтары туралы пікір алысты.

Ғалымжан Омарұлы студенттердің өз ойларын ашық, еркін айтуына, ынталарына, талаптарына, әсіресе жаңа идея, ғылыми ойлау тұрғысында жұмыс жасай білетіндіктеріне жоғары баға беріп, Whatsapp тобын құрып, зауыттың жас мамандарымен тікелей байланыс жасауына мүмкіндік туғызатынын айтты.
Автоматтандырылған токарлық станогімен 3D полигонындағы жасалатын түрлі өнімдерге қызығушылық танытылып, колледжімен коммерциализация бағытында зауыт өздеріне қажетті жабдықтар детальдарына тапсырыс беруге жұмыстанатыны айтылды.

Кездесу соңында білім мен практиканы тиімді ұштастырып жатқан болашақ мамандарға ризашылығын білдіріп, арасында таңданысын да жасыра алмады, зауытқа жұмысқа шақырды.

АтМӨЗ – колледждің индустриялық серіктес мекемелер арасындағы орны айрықша кәсіпорын. Зауыт пен колледж арасында стратегиялық қарым-қатынасты жетілдіруде жасалатын жұмыстар айқындалды.
Источник: Facebook.com
Қауымдастық жаңалықтары