Қазақстанда ЖЖМ ішкі нарығын 2030 жылға дейін толық қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кеңейту есебінен мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту бойынша жоспарлар бар:
▪️ Ақтау битум зауыты 1-ден 1,5 млн тоннаға дейін (2025 ж.); ▪️ Шымкент МӨЗ 6-дан 12 млн тоннаға дейін (2030 ж.); ▪️ Атырау МӨЗ 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін (2027 ж.); ▪️ Павлодар ҰХЗ 5,5-тен 8 млн тоннаға дейін (2030 ж.).
Осы жобаларды іске асыру ішкі нарықтың ЖЖМ-ға өсіп келе жатқан қажеттілігін 100% - ға қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді.