Новости нефтегазохимии

KMG PetroChem - МҰНАЙ -ГАЗХИМИЯСЫ САЛАСЫ: ГАЗ АЙЫРУ КЕШЕНІ ҚҰРЫЛЫСЫ

KMG PetroChem «Газ айыру кешенінің құрылысы» жобасын іске асыруда. Кешеннің қуаты: жылына 9,1 миллиард текше метр құрғақ газды қайта өңдеу! Осының арқасында Қазақстан құнды фракциялары бар газды құр босқа жағудан оны қайта өңдеуге көшеді. Газ құрамындағы құнды фракция «этан» әлемде үлкен сұранысқа ие өнім –полиэтилен өндірісіне пайдаланылады. Бұл дегеніміз, елімізде өнеркәсіптің дамуына және экономиканың нығаюына ықпал етеді.

Сондай-ақ, Газ айыру кешенін салу – жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңір халқын жұмыспен қамтуға септігін тигізеді.

-Газ құрамынан алынған құнды фракциялар енді қосылған құны жоғары өнімге айналады.

-Тұтынушыларға қоспалардан тазартылған, құрамы 100% метан, экологиялық таза газ ұсынылады. (құрамы тазартылмаған газды жағу – адам денсаулығына зиян).

Кешен құрылысы ел экономикасы үшін тиімді. Ол газ құрамындағы этан мен пропанды айырып алады, ал этан мен пропан – мұнай-газхимиясы үшін қажетті құнды фракциялар. Бұл дегеніміз, елде жаңа өндіріс – Полиэтилен өндірісі зауытын салуға, шағын бизнесті дамытуға жол ашады.

Еліміздің дамуындағы маңызды оқиғалар туралы көбірек білу үшін бізді оқи жүріңіз. Біз болашақты бірге құрамыз!
Қауымдастық жаңалықтары