Новости нефтегазохимии

КРІ зауыты PP H031 жаңа полипропилен маркасын нарыққа шығарды

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) газ-химия кешені полипропиленнің жаңа маркасын өндіруді бастады. Полипропиленнің PP H031 BF/7 деп аталатын түрі биаксиалды пленканы өндіруге арналған. Одан еліміз бен Еуропада тамақ өнімдері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын тауарларға арналған полимерлі пленка қаптамаларын, этикеткаларды және скоч таспасын өндіреді. BOPP пленкасы жоғары тосқауылдық қасиетке ие, төзімді және адам денсаулығына зиянсыз. Сондай-ақ, полипропиленнің PP H031 BF/7 маркасынан фото суреттердің сыртын қаптайтын, кеңсе тауарлары мен гүлдерді орауға арналған пленкалар жасалады. Мамандар жаңа марканың күрделі процесстен өткенін, сапасы жоғары екенін айтады.

«Біз өндіріп жатқан PP H031 маркасы еліміз бен шетелде жоғары сұранысқа ие. Тығыз, сапалы. Өнім жергілікті компаниялардың қажеттілігін толық өтеп, импортқа тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді. Жаңа марканы әзірлеуде өндіріс қызметкерлерінің еңбегі зор екенін атап өткен жөн», — дейді өндіріс басшысы Болат Абдуалиев.

Толығырақ: ҚМГ
Қауымдастық жаңалықтары