Новости нефтегазохимии

"Қазмұнайгазда" Басқарма төрағасының жаңа м.а.

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндеттерін орындау жүктелген Асхат Хасеновті таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл қызметті "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетін күнге дейін атқаратын болады, деп хабарлады компания.

Сондай-ақ, Қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретіндегі жұмысы үшін алғысын білдірді.

Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін "Менеджмент"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум"АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастады.

2006-2010 жылдары "мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды.

Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.

2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

2024 жылғы 8 сәуірде "Лукойл" ресейлік ірі мұнай компанияларының бірі "Қаламқас-теңіз/Хазар"жобасындағы кен орнының 50% үлесін сатып алғаны белгілі болды.



Дереккөз: zakon.kz
Қауымдастық жаңалықтары