Новости нефтегазохимии

«KMG PetroChem» ЖШС және «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Меморандум Тараптардың өзара іс-қимыл бағыттары мен нысанын айқындай отырып, тыңайтқыштарды пайдалану саласындағы зерттеулер мен оқытуды бірлесіп ілгерілету ниетін бекітеді. Құжатта ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру, өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ көптарапты бағдарламалар мен бастамалар бойынша ынтымақтастық орнату туралы айтылады.

«KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Диаз Диянов және «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Исмаил Тоқбергенов Қазақстан экономикасы мүддесі үшін ғылыми және практикалық күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, болашақ ынтымақтастықтың табысты және жемісті екендігіне сенім білдірді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Мұнай және газ өңдеу кластерін дамыту қажеттігін ерекше атап өтті. Карбамид жобасын іске асыру – елімізде газ-химия саласын дамытудың бірден-бір бағыты. Ол табиғи газды қайта өңдеу жолымен технологиялық тізбекті ұзарту есебінен іске асырылады. Бұл ауыл шаруашылығын, жалпы ел экономикасын дамытудағы жаңа перспективалық жоба», - деп атап өтті Диаз Диянов.

«Бүгінгі ынтымақтастық Қазақстанның ауыл шаруашылығын тұрақты және ғылыми негізде дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді, бұл өз кезегінде топырақты байыту мен өнімділікті арттыруға, елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық өсуін қамтамасыз етудің маңызды факторларына ықпал етеді», - деді Исмаил Тоқбергенов.

Меморандум отандық азотты тыңайтқыш өнімін өндіру мен қолдануды қоса алғанда, Қазақстанда газ химиясы мен агротехникалық саланы инновациялық дамытуға бағытталған бірқатар бірлескен жоба мен бастамаларды іске асыру үшін негіз болады.

Толығырақ: https://kmgpetrochem.kz/kz/76-2023-10-20-memorandum-urea
Қауымдастық жаңалықтары