Новости нефтегазохимии

Maire Tecnimont Қазақстанға мұнай-газ химиясы саласын декарбонизациялауға көмектеседі

Итальяндық Maire Tecnimont (MAIRE) және "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Келісім Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы достық қатынастар шеңберінде энергетикалық ауысу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.


Меморандум шарттары бойынша Тараптар іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктерді бағалау үшін жұмыс тобын құрады. Техникалық топ Қазақстанда декарбонизация және энергетикалық ауысу, мұнай-газ, химиялық, мұнай-химия жобалары және тыңайтқыштар өндіру жөніндегі жобалар саласындағы инвестицияларды ілгерілету және жеңілдету үшін экономикалық әріптестік мүмкіндіктерін зерделейтін болады.


Қол қою рәсімі Римде "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен MAIRE бас директоры Алессандро Бернини арасында өтті. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің вице-президенті Антонио Тайани қатысты.


Maire Tecnimont-жобалау және құрылыс, технологияларды лицензиялау, энергетика және өндірістерді ұйымдастыру саласындағы халықаралық компаниялар тобы. Топ өндірістерді жобалауға мамандандырылған, атап айтқанда мұнай-газ секторы, мұнай-химия өнеркәсібі, энергетика және басқа салалар.
Қауымдастық жаңалықтары