Мемлекет басшысы QazaqGaz ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешовты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық компанияның 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есепті тыңдады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлармен танысты.
Президентке ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысы, Қашаған газын қайта өңдеудің жаңа бағыттары, сондай-ақ газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестициялар тарту туралы баяндалды.
Санжар Жаркешов хабарлағандай, QazaqGaz компаниялар тобы өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік және экономикалық маңызы бар 400 миллиард теңгеден астам сомаға ірі газ құбырларын салып, пайдалануға берді.
"Мемлекет басшысына елді газдандыру жөніндегі жұмыс туралы хабарланды: еліміздің 11 өңірінде газбен жабдықтау жүйесіне 112 елді мекен қосылды, бұл 213 мың адамға газға қолжетімділікті арттырды. Сондай-ақ, өткен жылы компания ішкі нарық үшін газ бағасын 175 миллиард теңгеге субсидиялады. Сонымен бірге QazaqGaz ҰК АҚ табиғи газдың экспорты мен транзиті бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындайды", - деп атап өтті Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, Президентке Жаңа Анабай газ кен орнын пайдалануға беру туралы, сондай-ақ газдың ресурстық базасын дамыту жөніндегі жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. Қабылданған шаралардың арқасында Қазақстанның ішкі нарығына газ жеткізу көлемі 19 пайызға өсті.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әдеттен тыс төмен температура кезеңінде газ тасымалдау жүйесіне ең жоғары жүктемелерден өту кезінде ұлттық компания ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандырғаны және ел тұрғындарын үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз еткені туралы баяндалды.
"Кездесу қорытындысы бойынша Президент газ саласын кешенді дамытуға, оның ішінде ішкі нарыққа газ жеткізуді тұрақты қамтамасыз етуге, ресурстық базаны кеңейтуге, саланың жүйелік проблемаларын шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді", - делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-dal-porucheniya-glave-qazaqgaz-527284/