Қазақстанның мұнай-газхимия секторы белсенді даму кезеңінде. Саланың белсенді дамуы ел экономикасын әртараптандыруға ықпал етіп, экономикаға серпін берері анық. Дегенмен, бұл үшін жоғары білікті кадрлар қажет. Аталған бағыттың болашағы зор, жобалары ауқымды болғанына қарамастан, жастар мұнай-газхимиясы саласын сирек таңдайды. «KMG PetroChem» ЖШС Персоналды басқару департаментінің директоры Әбдінәдір Айтматов салаға маман тарту және кадр жетіспеушілігін шешу мақсатында қолға алынып жатқан шаралар туралы әңгімеледі.
- Қазақстанның мұнай-газхимиясы секторының даму барысы қандай?
Мұнай-газхимиясы саласы еліміз үшін салыстырмалы түрде жаңа сала екенін бірден атап өткім келеді. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканың негізін құрап, бюджетке экспорт арқылы елеулі табыс әкеліп отырған мұнай мен газды өз елімізде тереңірек өңдеу арқылы әлдеқайда мол табысқа қол жеткізуге болады. Сондықтан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы қосылған құны жоғары өнім өндіруді жолға қою бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
2022 жылы ұлттық компания жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыттың құрылысын аяқтап, іске қосты. Бұл – еліміздегі толық циклді іске асыратын алғашқы технологиялық кешен, яғни шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі үдерістер толық қамтылған. Сонымен қатар, биылғы қыркүйек айында Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыттың бастапқы құрылыс жұмыстары басталды.
Бұдан өзге Газ сепарациялау кешені, ТФҚ/ПЭТФ, Карбамид сияқты жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жобалар елімізде 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Алайда, саланың белсенді дамуы, брінші кезекте, білікті кадрға байланысты, ал бұл мәселе бүгінде өте өзекті.
- Неліктен жастар мұнай-газ химиясы саласына қызығушылық танытпайды?
Қазіргі таңда жастар IT саласына, кәсіпкерлікке немесе блогингке көбірек бет бұрып отыр. Олар зауытта жұмыс істеу ауыр әрі күрделі деп санайтын болуы мүмкін. Бұған қоса, мұнай-газ химиясы мамандығына түсу үшін химиямен қатар физика пәнінен де емтихан тапсыру қажет. Бұл пәндер терең дайындықты талап етеді.
Әлеуметтік зерттеулер де осы үрдісті дәлелдейді. ҚР Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметіне сәйкес, дәстүрлі өндірістік мамандықтарды таңдаушы жастардың саны жыл сайын азаюда. Оның орнына, олар икемді жұмыс кестесін немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін іздейді. Бұл тенденцияны өзгерту – біз үшін маңызды міндеттердің бірі.
- Саланы жас мамандар үшін тартымды ету мақсатында қандай шаралар қабылдануда?
Біз білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатып жатырмыз. 2024 жылы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде "Полимерлерді өндіру және өңдеудің химиялық технологиясы" атты жаңа бағдарлама іске қосылды. Сонымен қатар, заманауи жабдықтарда жұмыс істейтін операторлар мен машинистерді даярлайтын колледждермен келісімдер жасалды.
Маңызды қадамдардың бірі – арнайы оқу орталығын құру. Бұл орталықта колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қажетті дағдыларды меңгере алады. Сондай-ақ, біз халықаралық тағылымдамадан өткізу мақсатында жас мамандарға арналған тәлімгерлік бағдарламаларды енгізіп жатырмыз.
- Жасанды интеллекттің мұнай-газхимиясына әсерін қалай бағалайсыз?
IT-технологиялардың дамуы барлық салаға әсер етуде, оның ішінде мұнай-газхимиясы да бар. Бүгінде өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу сала үшін маңызды. Дегенмен, физика мен химияны терең меңгерген инженерлер мен технологтар, білікті кадрлар әрдайым жоғары сұранысқа ие болып қалмақ.
- Студенттер мен жас мамандарды қолдау үшін қандай бағдарламалар ұсынасыздар?
Біз мұнай-газхимиясы саласы бойынша білім беру гранттарының санын арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, студенттердің халықаралық жобаларға қатысу және шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін қарастыратын жүйені енгізу жоспарда бар. Бұл студенттерге шетелдегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда тәжірибе жинап, әлемдік үздік тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді.
- Қазіргі кадр тапшылығын қалай шешуді жоспарлап отырсыздар?
Біз "60/40" атты тұжырымдаманы әзірледік. Бұл дегеніміз, қызметкерлердің 60%-ын ұқсас тәжірибесі бар мамандар арасынан тартуды жоспарлап отырмыз. Мысалы, бұл бұрын жабдықтармен жұмыс істеген немесе ұқсас процестермен айналысқан адамдар болуы мүмкін. Қалған 40% – жас мамандар. Сирек кездесетін дағдыларды талап ететін бірегей рөлдер үшін шетелден мамандар тарту жоспарда бар болғанымен, біздің басты мақсатымыз – жергілікті кадрлардың әлеуетін барынша ашу.
Дереккөз: kaz.inform.kz