Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің басшысы мұнай өнімдерін өндіру нарығындағы қалыптасқан ахуал туралы айтты.
"МӨЗ, мұнай базалары мен жолдардағы дизель отынының жиынтық қорлары ұлғайтылды, олар 612 мың тоннаны немесе 38 күнді, АИ-92 – 352 мың тонна бензинді немесе 30 күнді, АИ-95 – 86 мың тонна бензинді немесе 30 күнді құрайды. Қорлар ЖЖМ өндірілуіне және өңірлерден өтінімдер берілуіне қарай толықтырылады",
- деді Сәтқалиев
Шенеуніктің айтуынша, 2023 жылмен салыстырғанда ЖЖМ нарығындағы жағдай жақсарды.
Бұған дейін Энергетика министрлігі бұрын-соңды болмаған су тасқынына байланысты логистикалық мүмкіндіктердің бұзылуына байланысты қысқа мерзімді және жақын болашақта АИ-92 құнының қымбаттау ықтималдығын бағалады.

Дереккөз: tengriauto.kz