Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар ассоциациясы 2025 жылға арналған, сала дамуы мен негізгі мәселелерді шешуге бағытталған кешенді жұмыс жоспарын әзірледі. Негізгі бағыттарға заңнамалық жұмыс, сараптамалық қолдау, мұнай-газ-химия саласындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру, экологиялық стандарттарды енгізу және кадрлық пен ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту кіреді.