Новости нефтегазохимии

KMG Petrochem - МҰНАЙГАЗ ХИМИЯ САЛАСЫ: ПОЛИЭТИЛЕНТЕРЕФТАЛАТ ӨНДІРІСІ

17 қазанда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында Бейжіңде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және China Petroleum & Chemical Corporation (Sinopec) басшылары терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат (ТФҚ және ПЭТФ) өндіру жөнінде ортақ жоспарын талқылады. Аталған химиялық заттарды Атырауда өндіру жоспарланған.

ПЭТФ – маңызды полимерлі материал және бұл шикізат түрлі салада кеңінен, атап айтқанда, тамақ өнімдері мен сусындарға, контейнерлерге, тоқыма өнеркәсібіне арналған қаптама өндірісінде қолданылады (тоқыма жіптері, синтетикалық талшықтар), техникалық талшықтар және т. б.

Қапталған тауарға тұтынушылық сұраныс артқан сайын аталған өнімге де сұраныс артып келеді. Жаңа өндіріс ошағы ішкі нарықтағы орауыш материалдарына деген сұранысты өтеумен қатар, импортқа тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Айта кетерлігі, тек Қазақстанда емес, Орталық Азияда ПЭТФ өндірісі бойынша бәсекелес жоқ.